Спорт
Әлем кубогі кезеңінің финалына екі қазақстандық жолдама алды
- авторБақытжан Бекболат
- 20 қараша, 2025
- 284
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
70 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол украиналық Юрий Захариевпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, Әлем кубогы кезеңінің финалына екі қазақстандық боксшы шықты.
Бұған дейін тағы бір отандасымыз Сұлтанбек Айбарұлы да жартылай финалдағы қарсыласын ұтып, финалға өткен еді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстандық теннисші Еуропаның үздік ойыншысы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 желтоқсан, 2025
Спорт
Қазақстандық каратэшілер әлемдік рейтингте көш бастады
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2025





