сенбі, 5 қазан, 2024 22:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Мені қашан өлтіріп кетеді?": Қуат Хамитов өзінен жалыққанын мойындады

"Мені қашан өлтіріп кетеді?": Қуат Хамитов өзінен жалыққанын мойындады
ашық дереккөзі
"Мені қашан өлтіріп кетеді?": Қуат Хамитов өзінен жалыққанын мойындады
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов кейде өзіне маза таптырмайтын ойларымен бөлісті. Спортшы "Ушатайка: Спорт-Экспресс" YouTube арнасына сұхбат берген. Журналист Хамитовтың тек спорттағы жетістіктерімен ғана танымал емес екенін атап өтті. Желіде спортқа еш қатысы жоқ, "Найман" бейнеленген даулы видеолар жетерлік. Қуат әртүрлі видеолар түсіріп, бейнебаяндар мен киноларға түсіп, тіпті, Қазақстанда КВН сахнасына шыққанын растады. Оның көптеген мәлімдемелері саясатпен байланысты. "Мен үнемі өз көзқарасымды білдіремін, депутаттарды сынаймын... Мен қазақ халқының арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын. Біз арабтарға қарағанда баймыз. Мен үнемі қарапайым халықтың жағындамын, үнемі саясатқа, спортқа, әділетсіздікке араласамын, бейнебаяндар мен киноларға түсемін... Мен барлық жердемін. Кейде мен халықты жалықтырып алған секілді сезінемін. Кейде жатып, "Мені қашан өлтіріп кетеді? Мен өзім өзімнен жалықтым" деп ойлаймын", - деді Хамитов. nur.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар