жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 2:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Юлия Путинцева тұсаукесер кездесуінде жеңіске жетті

Юлия Путинцева тұсаукесер кездесуінде жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Юлия Путинцева тұсаукесер кездесуінде жеңіске жетті
Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілер арасынан алғашқы болып кортқа Юлия Путинцева шығып, өз көрермендерін қуантты.
Жүлде қоры 38 000 000 еуроны құрайтын айтулы жарыстың алғашқы айналымында әлемдік рейтингте 27 орында тұрған Юлия Путинцева WTA тізімінде 79 сатыға жайғасқан бельгиялық Кирстен Флипкенспен кездесті. 1 сағат 9 минутке созылған бұл бәсекеде жерлесіміздың үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Есеп – 6:1, 6:2. Енді 30 тамызда Юлия аргентиналық Надия Подороскамен (131 орын) шеберлік байқасады. Бүгін Михаил Кукушкин (87 орын) италиялық Фабио Фоньинимен (15 орын), Александр Бублик (56 орын)  франциялық Гаэль Монфиспен (9 орын) күш сынасады. Ертең тағы қос аруымыз жарыс көрігін қыздырады. Зарина Диас (77 орын) тунистік Онс Жабермен (35 орын), ал Елена Рыбакина (18 орын) румыниялық Сорана Крыстямен (83 орын) кездеседі.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар