Спорт
Омар Сатаев әлем чемпионатында қола медаль иегері атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 қазан, 2025
- 546
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Омар Сатаев қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, үшінші орын үшін өткен шешуші жекпе-жекте бельгиялық Ибрагим Табаевты 10:8 есебімен ұтты.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының қоржынына түскен үшінші медаль болды. Бұған дейін Юсуф Мациев күміс жүлдеге, ал Мерей Мәулетханов қола медальға қол жеткізген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан құрамасы Бразилиядағы Әлем кубогында үш алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда алтын жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 сәуір, 2026






