ҚПЛ-дың VIII-туры: «Қайрат» өз алаңында «Жеңіс» клубымен шеберлік байқасады
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қыркүйек, 2025
- 402
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің кейінге қалдырылған VIII-турының соңғы ойыны өтеді. Бұл кездесуде «Қайрат» (Алматы) пен «Жеңіс» (Астана) шеберлік байқасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ойын Қазақстан уақытымен 18:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Аталған турдағы өзге ойындар 10 және 11 мамыр күндері өткізілді. 10 мамырда Петропавлдың «Қызылжары» Жезқазғанның «Ұлытауын» 2:1, түркістандық «Тұран» «Атырауды» 1:0 есебімен тізще бүктірсе, «Астана» қостанайлық «Тобылға» 1:3 есебімен жеңілді.
Ал 11 мамырда Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қызылорданың «Қайсарын», «Ақтөбе» Семейдің «Елімайын» 1:0 есебімен қапы қалдырып, Талдықорғанның «Жетісуы» көкшетаулық «Оқжетпеске» 1:3 есебімен есе жіберді.
Сұрмергендер көшінде Назми Грипши («Астана») 13 голмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Марин Томасов («Астана») 11, Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Дәурен Жұмат («Оқжетпес») 9 голмен келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025






