Спорт
Президент қазақстандық спортшыларды Азия чемпионы атануымен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 17:36
- 43
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионатындағы айтулы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.






