бейсенбі, 26 наурыз, 2026 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Президент ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Ақордада ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен жарыстың еліміз үшін табысты өткенін атап өтті. Жаһандық додада отандасымыз Ербол Хамитов алтын және қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның көк Туын биікте желбіреткен.

Нағыз чемпион атанып, еліміздің мерейін үстем етті, көк Туымызды биікте желбіретті. Бұл – қазақ параспорты үшін тарихи жетістік. Ербол қазақтың қайсар, өр рухты әрі намысты ұлт екенін күллі әлемге паш етті. Сондықтан, ең алдымен, саған және бапкерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Паралимпиада ойындарына аттанар сәтте мен еліміздің көк Туын саған табыстадым. Сол артылған сенімді толық ақтап, Қазақстанға жеңіспен оралдың. Керемет нәтижеге жеттің! Соның арқасында еліміз командалық есепте 18-ші орынға табан тіреді. Үздіктердің ішінен алға шығып, чемпион болу оңай емес. Бұл – жылдар бойғы тынымсыз дайындық пен қажырлы әрі табанды еңбектің жемісі екені анық, – деді Президент.

Ербол Хамитовтың жетістігі Қазақстанның паралимпиададағы беделін арттырып, еліміздің спорт тарихында жаңа белеске шыққанын көрсетеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар