Енді Д.Огайдың басты мақсаты – «Шахтерді» Премьер-лигаға шығару
Қазақстандық маман Дмитрий Огай қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
65 жастағы Дмитрий Огай футболшы, сондай-ақ бапкер ретінде де кеңінен танымал.
Ол «Ертіс» (Павлодар) клубымен бірге екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды.
Енді Д.Огайдың басты мақсаты – «Шахтерді» Премьер-лигаға шығару. Биыл қарағандылықтар Бірінші лигада төртінші орынға табан тіреп, жолдамадан тыс қалды.
«Шахтер» клубы өз тарихында екі рет Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ қазақстандық командалар арасынан алғаш рет 2013-2014 жылғы маусымда Еуропа лигасының топтық бәсекесінде өнер көрсетті.
Келесі мақала
Ақылы жолдарда төлем жасау тәртібі жеңілдетіледі
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Қазақстан V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






