дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 16:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақылы жолдарда төлем жасау тәртібі жеңілдетіледі

Ақылы жолдарда төлем жасау тәртібі жеңілдетіледі
Фото: gov.kz
Ұсынылып отырған өзгерістер жүргізушілерге төлем жасау үшін қосымша уақыт беруге және бұл үдерісті барынша ыңғайлы етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ақылы тасжолдарда жолақы төлеу тәртібін жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, егер жүргізуші ақылы жолды пайдаланғаны үшін жолақысын 7 күнтізбелік күн ішінде төлемесе, 8-күні материалдар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғалар үшін төлем мерзімі ұзартылады. Енді жүргізуші ақылы жолды пайдаланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-күні көлік бақылау органдарына жолданатын болады.

Сонымен қатар, заңды тұлғалар үшін бөлек төлем механизмі енгізіледі. Жаңа нормаға сай, егер заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін жолақы төлемесе, материалдар келесі күні тиісті бақылау органдарына жолданады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл өзгерістер жүргізушілерге қолайлы жағдай жасауға, төлем мерзімін ұлғайтуға және объективті себептермен төлем жасалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар