Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
- авторБақытжан Бекболат
- 18 желтоқсан, 2025
- 606
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы жаңартылған рейтингінде бір саты жоғарылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Соңғы рейтингке сәйкес, «Nomad» енді екінші орында тұр. Ол тек австралиялық файтер Джек Делла Маддаленадан кейін орналасқан.
Бұған дейін екінші орында тұрған ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри үшінші орынға сырғыды. Ал дивизион чемпионы мәртебесін ресейлік спортшы Ислам Махачев сақтап қалды.
Рахмонов соңғы рет октагонға былтыр желтоқсан айында шыққан. Сол жекпе-жекте ол Иэн Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, кәсіби мансабындағы жеңістер сериясын жалғастырған еді. Дегенмен кездесуден кейін алған жарақатына байланысты операция жасатып, ұзақ уақытқа үзіліс алуға мәжбүр болды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі 2026 жылдың алғашқы айларына жоспарланып отыр.
Димаш Құдайберген құрметті профессор атанды
Ұқсас жаңалықтар
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- авторСадуақас Айсұлу
- 10 наурыз, 2026
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде топ жарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 наурыз, 2026






