Талас ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдермен кездесу өтті
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 11:24
- 76
Қаратау қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында профилактикалық кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі білімін кеңейту, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын түсіндіру болды.

Кездесуге Талас аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары, полиция лейтенанттары А.Өтеміс пен Ш.Талғат қатысып, оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Инспекторлар өз сөздерінде кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүрудің салдары, буллинг мәселесі, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар алды. Аталған іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға бағыну жауапкершілігін қалыптастыруға оң ықпал етті.
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Ұқсас жаңалықтар
Таразда сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2025
Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 желтоқсан, 2025






