жексенбі, 27 шілде, 2025 8:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен қыздар арасында волейболдан турнир өтті

Таразда «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен қыздар арасында волейболдан турнир өтті
Фото: Жамбыл облысы Полиция департаменті
Шараның ұйымдастырушылары – Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы.

Тараз қаласында өткен волейбол турниріне қатысушы арулар жеңіс үшін ғана емес, маңызды бір ойды жеткізу үшін – есірткіге «жоқ» деп айту үшін ойын алаңына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында №3 орта мектеп-лицейінің спорт залы нағыз жарыс алаңына айналды. 

Мұнда «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен қыздар арасында волейбол турнирі ұйымдастырылды.

Бұл турнир жай ғана жарыс емес, спорттың жастарды біріктіріп, шабыттандырып, дұрыс жолға бағыттай алатынын көрсетті. 

Жарысқа қаламыздағы жалпы білім беретін мектептерден командалар қатысты. Қатысушы арулар жоғары деңгейдегі физикалық дайындықтарын, бірлескен командалық ойынды және ортақ мақсатқа ұмтылыс таныта білді.

Жарысқа қала мектептерінен келген командалар қатысып, мықты дайындықтарын көрсетті.
Нәтижесінде:

І орын – Тараз қаласындағы №66 мектеп командасына,

ІІ орын – №3 орта мектеп-лицейінің командасына,

ІІІ орын – IQ IT-мектебінің командасына бұйырды.

«Үздік ойыншы» жеке номинациясында Мәлік Жібек жеңімпаз деп танылды. 

Турнирге қатысқан барлық аруларға алғыс хаттар, медальдар, кубоктар және естелік сертификаттар табыс етілді.

  Бұл күннің басты жетістігі – жеңімпаздардың есімдері ғана емес, жастарға рухани тірек бола алатын осындай шаралардың маңызы. Қатысушылар алаңнан тек марапатпен ғана емес, ішкі сеніммен қайтты: мықты болу, команда мүшесі болу және зиянды әдеттерден аулақ болу – бұл шынымен де керемет. Қыздар әр доп үшін жан сала күресті, бір-бірін қолдады және ең бастысы – командалық рух пен спорттық жігердің тәуелділікке қарсы қуатты күш бола алатынын дәлелдеді, – деді Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар