жұма, 25 шілде, 2025 13:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Интернетте 16 миллиард аккаунттың дерегі жария болды

Интернетте 16 миллиард аккаунттың дерегі жария болды
Жасанды интеллект
Ғаламтор желісінде 16 миллиардқа жуық логин мен құпиясөз ашық түрде жария болды. Бұл туралы Cybernews сарапшылары мәлімдеді.

Айтуларынша, аталған деректер хакерлік шабуылдар, фишинг және зиянды бағдарламалар арқылы ұрланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың дерегінше, интернетте 30-ға жуық ірі дерекқор жарияланған. Олардың әрқайсысында миллиондаған аккаунттың мәліметтері бар. Бұл жағдай Apple, Google, Facebook, Telegram сияқты алпауыт платформалар қолданушыларына да әсер еткен.

Сарапшылар интернет пайдаланушыларын қауіпсіздік шараларын шұғыл күшейтуге шақырып отыр. Ең алдымен, құпиясөздерді жаңартып, екі факторлы аутентификацияны қосуға кеңес береді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар