дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 21:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Теннисші Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде 406 орынға көтерілді

Теннисші Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде 406 орынға көтерілді
Фото: ҚТФ
Ол бұған дейін 422-ші болды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Жекелей сында ТОП-10-да ешқандай өзгеріс болған жоқ. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2-орында қалды.

Юлия Путинцева 72-ден 74-ке сырғыса, Зарина Дияс 306-сатыда тұр.
Өткен аптада Үндістандағы ITF W15 турнирінде жартылай финалға дейін жеткен Жібек Құламбаева 422-ден 406-ға көтерілді.

Аружан Сағындықова 768 (+1), Соня Жиенбаева 1 023-сатыда (-4) тұр. 

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 7-орнын сақтаса, Чарльстон (АҚШ) WTA 500 жарысының жартылай финалына дейін барған Юлия Путинцева 207-ден бірден 142-орынға жоғарылады. 

Қазіргі кезде Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері А.Данилина, А.Сағындықова және С. Жиенбаева Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында 10-11 сәуірде Канадамен өтетін матчқа елордада дайындалып жатыр. Жібек пен Юлия бүгін келеді.

Ерлер арасында Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде Александр Бублик бұрынғыша 11-сатыда. 

Александр Шевченко 76-дан 77-ге ауысса, Тимофей Скатов 202-ден 198-ге шығып, ТОП-200-ге қайта кірді. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар