жұма, 20 қыркүйек, 2024 0:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Тіпті мен ұялып кеттім». Жәнібек Әлімханұлы өзін мазақ қылған қарсыласына жауап берді

«Тіпті мен ұялып кеттім». Жәнібек Әлімханұлы өзін мазақ қылған қарсыласына жауап берді
Фото - ашық дереккөзден
Ол жұдырықтасу кезінде оған аяушылық танытпайтынын айтты

IBF және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бокстан әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичтің бейнеролигіне жауап берді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласының жариялаған бейнежазбасының адамгершілікке жатпайтынын алға тартып, екеуара келісім-шартқа сәйкес шаршы алаңда кездескенде оған аяушылық танытпайтынын ескертті. 
 

-    Андрейдің парақшасындағы видеоны көрдім. Бала өзіне көп алып жатыр екен. Мен жекпе жекке денсаулығым себепті шыға алмадым. Ауруханаға түстім. Бірақ қарсыласым адамның басындағы ауыр сынақты, ауыр жағдайды мазақ қылып жатыр. Бұл негізі адамгершілікке жатпайды. Ешқандай боксшы бұлай жасамайды. Қайта «сауығып кет» дейді. Оның бұл ісіне тіпті мен ұялып кеттім. Бізде контракт бар. Жұдырықтасамыз. Бірақ енді оны аямаймын!,- деді боксшы.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар