«Тур де Франста» жүлдеге іліге алмады
Франция тасжолдарында үш аптаға созылған велошабандоздардың бейресми әлем чемпионаты саналатын «Тур де Франс» велокөпкүндігі өз мәресіне жетті. Додаға Қазақстанның «Астана» велокомандасы да қатысты.
Жыл сайын үздіктер қатарынан көрінетін «Астана» командасы биылғы бәсекеде жүлделі орынға сынық сүйем қалғанда сүрінді. «Тур де Франс» бәсекесіне капитан ретінде «Астана» велошабандоздарын бастап барған колумбиялық спортшы Мигель Анхель Лопес жарыстың соңғы күндеріне дейін үшінші орында келе жатқан болатын. 20-кезеңдегі жекелей бәсекеде сәтсіз өнер көрсетіп, үздік үштіктің қатарынан шығып қалды.
Десе де «Астана» велошабандоздары екі мәрте жеңімпазы атанды. Жарыстың алтыншы кезеңінде велоспорттан Қазақстан чемпионы Алексей Луценко үздік атанса, 17-кезеңінде Мигель Анхель Лопес мәре сызығын бірінші болып кесті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Байзақ ауданында «ақылды мектептер» көбейеді
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Спорт
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024