жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүлделі орындарды иеленді

Жүлделі орындарды иеленді
ашық дереккөзі
Жүлделі орындарды иеленді
Жуырда облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Көше ойындары – 2020» атты өңір чемпионаты «Біз – діни экстремизм мен тероризмге қарсымыз!» ұранымен бастау алып, спорттың 10 түрінен кім мықтыны анықтады. Бәсекеде бақ сынаған Аса ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ілігіп, аудан абыройын көтерді. Бұл жағымды жаңалықпен атылмыш мектептің әдіскері Берік Изанов бөліскен еді. – Бүгін қос жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді. Зіл темірді жоғары көтеруден қарсылас шақ келтірмеген Саламат Санатұлы мен спорттың street workout түрінде айқын басымдылыққа ие болған Нұрбол Мырзағараев бірінші орын иеленсе, турник-бруссьяда күш сынаған Дарын Қалабаев екінші орынға тұрақтады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды, – деді ол бізбен әңгімесінде. Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар