Кәсіпқой бокстың жұлдызы, орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында келісім-шарттың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді.
«Шешіліп қалды! Келісім-шарт 2–3 күнде біту керек! Осы апта жариялайтын шығар! Зор жаңалық болады бұйыртса!» – деп жазды Әлімханұлы.
Бұған дейін белгілі бокс инсайдері Бернардо Пилатти WBO/IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес арасындағы біріктіру жекпе-жегі 2025 жылдың соңына қарай өтетінін болжаған еді.
Айта кетейік, Жәнібектің соңғы жекпе-жегі биыл сәуір айында Астанада өтті. Ол кезде қазақстандық боксшы француз спортшысы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
Ұқсас жаңалықтар
Әлем чемпионаты: Сәкен Бибосынов 1/8 финалға жолдама алды
- авторБақытжан Бекболат
- 7 желтоқсан, 2025






