сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 12:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды

Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды
ашық дереккөзі
Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды
Аралас жекпе-жектен Әбу-Дабиде өткен UFC 257 турнирінде аса жеңіл салмақта күш сынасқан қазақ спортшысы Жалғас Жұмағұлов швециялық Әмір Альбазидан ұпай санымен ұтылды. 32 жастағы Жалғас үшін бұл UFC-дегі екінші кездесуі еді. Тұсаукесер кездесуін ол осыдан жарты жыл бұрын өткізіп, бразилиялық Раулиан Пайваға есе жіберді. Барлығы 18 мәрте октагонға шығып, 13 бәсекеде басым түскен сақа спортшымыз бұл жолы Әмір Альбазимен күш сынасты. 27 жастағы қарсыласы Швецияның туы астында өнер көрсеткенімен, Иракта дүниеге келген. Осы күнге дейін ол 15 кездесу өткізіп, тек біреуінде ғана ұтылды. Бәсеке басынан аяғына дейін бір темпте өтті. Бірде Жұмағұлов, бірде Альбази ширақ қимылдады. Десек те соңғы раундта Әмір Жалғасты жығып алып, қылқындыру тәсілін орындауға талпынды. Қандасымыз оған ондай мүмкіндік бермеді. Соңғы минутта қос спортшы тік тұрып айқасты. Жекпе-жек аяқталғаннан соң барлық үш төреші бірауыздан Скандинавия түбегінен келген саңлақты жеңімпаз деп таныды. Ал айтулы жарыстың басты жекпе-жегі ирландиялық Конор Макгрегор мен америкалық Дастин Порье арасында өтті. Екінші раунда соққылар алмасу барысында АҚШ-тың өкілі атышулы қарсыласын дәл иектен ұрып, есінен тандырды. egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар