сенбі, 5 қазан, 2024 21:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жастарды арнайы кәсіппен айналысуға шақырды

Жастарды арнайы кәсіппен айналысуға шақырды
ашық дереккөзі
Жастарды арнайы кәсіппен айналысуға шақырды
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Қоғамдық лекция» жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі қонағымыз Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор - Ерболат Байұзақұлы Саурықов «Жастардың бойындағы көшбасшылық және кәсіпкерлік дағдылары» тақырыбында лекция оқыды. Эфир онлайн форматта басқарманың әлеуметтік парақшаларында өтті. Сұхбат барысында Е. Байұзақұлы қазіргі жастардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерді дамыту, олардың жан-жақты түрде қазіргі қоғам өміріне дұрыс бағыттарда дағдылануы, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға берілген барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, арнайы кәсіппен айналысуға шақырды.  Қойылған сұрақтарға мардымды жауаптар берілді. Аталған жоба сәтті түрде 2 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында өңір жастарының көңілінен шығып, үлкен қолдауға ие болды. «Қоғамдық лекция» жобасы арқылы өңірімізге белгілі, айтары бар азаматтардың лекциясын тыңдап, пайымды әңгіменің куәсі боласыздар!
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар