Астанада 500 отбасыға тегін пәтер: Болат Өтемұратов қоры ауқымды жобаны аяқтады
Болат Өтемұратов қоры Астанада баспанаға мұқтаж жандарға арналған ірі қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды – елорда әкімдігіне жалпы құны 10,5 миллиард теңге болатын 500 пәтерді тегін табыстау жұмысын толық аяқтады.