Информатика ғылымының ұлттық мектебін қалыптастырған тұлға туралы не білеміз?
Қазақстанның ғылым мен білім беру саласының дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, бірнеше халықаралық академиялардың академигі Есен Ықыласұлы Бидайбеков 80 жасқа толды.










