Қонаев қаласында форель мен баррамунди өсіруге маманданған заманауи балық шаруашылығы кешенінің құрылысы аяқталды. Жоба «Оспанова Девелопмент» компаниясына тиесілі, жалпы құны – 67,3 млрд теңге.
Мемлекет басшысы халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Үкіметке кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауды тапсырды. «Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және...