жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда қысқа мерзімді экономикалық өсім 110,2% деңгейінде тіркелді

Жамбылда қысқа мерзімді экономикалық өсім 110,2% деңгейінде тіркелді
Жамбыл облысының әкімдігі
2025 жылдың 2-ші тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 765,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді

Биыл Жамбыл облысында экономиканың негізгі бағыттары бойынша оң қарқын байқалып отыр. Өңірдің қысқа мерзімді экономикалық өсімі бірқатар салалардағы өндіріс көлемінің ұлғаюы, инвестициялық белсенділіктің артуы және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен қамтамасыз етілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың басынан бастап 1 қазанына дейінгі уақыт аралығында өңіріміздегі жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 108 962 бірлікті құрайды.

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104 пайызға өскендігі байқалады.

2025 жылдың 2-ші тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 765,5 миллиард теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 128,4 пайызға өсті. Сондай – ақ, аталған субъектілердің тарапынан 323,2 миллиард теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың мерзімді кезеңімен салыстырғанда деңгей 40,6 миллиард теңгеге артты. Мерзімді кезеңде облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 180,6 миллиард теңгені құрайтын қаржы жалпы саны 27 963 кәсіпкерге берілді.

Соңғы сегіз айда облыс бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында 12,1 миллиард теңгені құрайтын 94 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар «Өрлеу» бағдарламасы аясында несие соммасы 7,9 миллиард теңгеге 33 жоба қаржыландырылса, «Кепілдік қоры шеңберіндегі қолдау» бағдарламасы аясында несие соммасы 7,4 миллиард теңгеге кепілдік сомасы 3,4 миллиард теңгені құрайтын 85 жоба қаржыландырылды. Ал «Jambyl Business» өңірлік бағдарламасы аясында несие соммасы 2 миллиард теңгеге 48 жоба қаржыландырылып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында өңдеу өнеркәсібінің дамуына жеке тоқталып, оған жаңа серпін беру қажеттігін мәлімдеп:

«Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есе өсіп, 17 триллион теңгеге жуықтады. Ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,4 пайызға жетті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды. Соның нәтижесінде 12,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды», – деп атап көтсетті.

Өнеркәсіп – бұл кез келген мемлекет экономикасының маңызды секторы. Ол табиғи шикізатты өндіру мен оны өңдеумен және сондай-ақ әртүрлі заттар мен энергияны өндірумен айналысатын кәсіпорындардан, зауыттардан және фабрикалардан тұрады.

Облысымыздағы өнеркәсіп саласында 44 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Халыққа 859 кәсіпорын қызмет етеді. Түйіндеп айтқанда, аймақтың өнеркәсіп кәсіпорындары өнім көлемін жыл сайын арттырып келеді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 967,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Металлургия өнеркәсібі бойынша мерзімді кезеңде 87,4 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның нақты көлем индексі 86 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 14,4 пайызға тиесілі. Саланың негізгі кәсіпорындарына ферроқорытпалар өндірісі бойынша «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, бағалы металдар (алтын және күміс) өндіретін «АК Алтыналмас» АҚ, алтын және күміс өндіретін «Golden Compass Capital» АҚ, болат құю бұйымдарын өндіретін «Запчасть» АҚ жатады.

Аталған өндіріс ошақтарында соңғы тоғыз айдың көлемінде барлығы 1612 килограмм алтын заттай мәнде өндірілген. Азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша мерзімді кезеңде 95,8 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның нақты көлем индексі 112,3 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 15,7 пайыз. Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі бойынша (құрылыс индустриясы) мерзімді уақытта 66,7 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Оның нақты көлем индексі 135,8 пайызды құрайды. Өңдеу өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 10,9 пайыз.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар