Төртінші Олимпиадаға жол: Елдос Сметов Лос-Анджелесте тағы да алтын алуға ниетті
27 шілде - Қазақстан спорты үшін ерекше күн. Осыдан тура бір жыл бұрын, дәл осы күні жерлесіміз, дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада шыңын бағындырып, Париж төрінде алтын медаль иеленді. Спортшы бұл жеңісін әлеуметтік желідегі жазбасында «тарихи күн» деп атады.