сенбі, 23 қараша, 2024 5:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Музейдегі 25 рубль

Музейдегі 25 рубль
ашық дереккөзі
Музейдегі 25 рубль

Кеңес одағында өмір сүрген немесе сол қызыл империяның соңғы күндерін көріп қалған замандастарымыз болмаса, бүгінгі буын – тәуелсіз еліміздің жастары КСРО-ға қатысты көп жайтты біле бермейді. Сол сияқты алып империяға тән ақша құралы – рубль де бүгінде музей сөрелерінде көненің көзіндей жәдігерге айналған.

Биылғы сәуір айында облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорын номиналы 25 рубльдік ақша толықтырған болатын. Ол қолданысқа 1961 жылы енгізілген екен. Бір қызығы бұл ақша номиналы КСРО кезіндегі ірі ақшалардың бірі болған. Күлгін түстес бояумен көркемдеп безендірілген, Кеңес үкіметі кезіндегі 25 рубльдік қағаз номиналдың салмағы 2 грамм. Одан бөлек сол алпысыншы жылдары қолданыста болған тағы бір ақша номиналы – 1 рубль де КСРО-ның көзіндей болып музейде тұр. Бұл ақшаның түсі ашық, сары түстес бояулармен безендіріліп, оюланған. Бетінің оң жақ, сол жақ жоғарғы бұрышында 1 деген белгілері бар. Ал сол жақ бұрышында одақтың Елтаңбасы мен ортасында үлкен әріптермен «СССР» жазуы бейнеленіпті. Сонымен қатар музейден КСРО кезінде 1961-1989 жылдар аралығында айналымда жүрген номиналдары 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 тиындық монеталарды да кезіктіресіз. Олардың бәрінің бір бетінің қос бүйрінде бидайдың өрілген сабақтарының бейнелері орналасса, ортасында үлкен етіп 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 номиналдары жазылған, ал төменіректе «копеек» сөзі көзге түседі. Келесі бетінде «СССР» жазуы мен Елтаңба бедерленіпті. Көп жылдар бойы өз үйінде сақталып қалған бұл жәдігерлерді Байзақ ауданы, Дихан ауылының тұрғыны Бакира Усубалиева өз еркімен біздің музейге тапсырып отыр.

Г.КӨЛБАЕВА, облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және көпшілікке қызмет көрсету бөлімінің қызметкері

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар