Оның борышы 3 млн теңгеден асып жығылады
Ақтау қаласында алимент төлеуден жалтарып келген азамат 6 айға сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақтау қаласының прокуратурасы мәлімдегендей, алимент бойынша берешегі 3 млн теңгеден асатын «А» есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
- 05.07.2024 жылғы соттың үкімімен «А» есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды. Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады,- делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
"Заңсыз айналым": Биыл елімізде 118 қару мен 15 граната тәркіленген
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2026
Заң
«Қаржы пирамидасына қатысы бар»: Күдікті Грузиядан елге жеткізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026






