Өзбекстанда туыстық неке генетикалық ауруларға ұшыратып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 шілде, 2024
- 664
Осындай некенің тоқтамауынан генетикалық ауру асқынып барады. Бұл туралы «Азаттық радиосы» әлеуметтік желіде видео түсірді деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Туыстық неке дәстүр ме, әлеуметтік мәселе ме? Осы жайлы Өзбекстандағы әйелдер комитетінде жұмыс істейтін Насиба Худобердиева айтып берді:
«Туыс адамдар арамыз ажырамасын деген мақсатпен құдаласады. Екінші себебі қазір той жасау қымбат. Көп шығын болмас үшін туыстары үйлену тойын шама-шарқынша жасайды. Ұрпағымыз дені сау болуы керек деп айтып жатырмыз. Азаматтар мұны түсіне бастады. Бірақ мұндай жағдай әлі де жиі кездеседі», – дейді ол.
Ағайынды Сирожиддин мен Ойбохор Тогаевтар туыстық некеден дүниеге келген.
«Атам өз ұлына әпкесінің қызын алып берді. Олар бізге қарайды, үй шаруасымен айналысады деп балаларын некелестіріп, туыс болды. Салдарынан әпкем екеуміз мүгедек болып тудық», – дейді Сирожиддин Тогаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз