Қарағанды облысында 8 азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 15:32
- 51
Қарағанды облысының прокуратурасы денсаулық жағдайы жол қозғалысына қауіпсіз қатысуға кедергі келтіретін жүргізушілердің көлік жүргізу құқығын тоқтатуға қатысты заңнаманың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— Прокурорлардың талап-арыздары бойынша бүгінгі күні 8 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, — делінген прокуратураның хабарламасында.
Тағы 36 талап-арыз сотта қаралып жатыр.
Сонымен қатар прокурорлар полиция органдарының атына 11 талап-арыз енгізді, заң бұзушылықтарды жою аясында 350 жүргізушіге қатысты талап-арыздар қаралып жатыр.
Аталған шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіптерді азайтуға бағытталған.
Бұл жұмыс жалғасын табады.






