"Атқа мініп, шығып кеткен": Мойынқұмда жоғалған бала іздестірілуде
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2020
- 439
15 қыркүйекте сағат 15:00 шамасында Мойынқұм ауданы Күшаман ауылында тұратын бала үйінен шығып, қайта оралмаған. Қазақстан ТЖМ "Казависпас" "Еврокоптер" тікұшағы құтқарушылар тобымен және авариялық-құтқару жасағының кинологиялық есебімен жеті жасар баланы іздестіру аймағын ауадан тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Мойынқұм ауданына ұшып кетті.
Бала үйден атқа мініп, шығып кеткен. Оның жоғалғанына жиырма сағатқа жуық уақыт өтті.
250-ге жуық адам – полиция, өрт сөндірушілер, жергілікті тұрғындардың еріктілері аймақты аралап жүр.
Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, сағат 18:00 шамасында жоғалған баланы Бірлік ауылының маңында (Күшаман ауылынан 30 шақырым жерде) жергілікті тұрғындар көрген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз