"Бүйрегін 50 мың АҚШ долларына сатпақ болған": Павлодарда ресейлік азамат сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 17:50
- 20
Павлодарда бүйрегін заңсыз сатпақ болған ресейлік сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты тірі адамның ағзасын заңсыз сатуға оқталу дерегі бойынша қылмыстық істі қарады.
Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылы Ресей Федерациясының азаматшасы пайда табу мақсатында Telegram мессенджері арқылы бүйрегін 50 мың АҚШ долларына сатуға келісім берген. Алдын ала келісім бойынша операция Павлодар қаласында жасалуы тиіс болған.
2025 жылы әйел Қазақстанға келіп, медициналық тексеруден өткен. Сондай-ақ ол 5 миллион теңге көлемінде алдын ала төлем алған, осыдан кейін полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды. Қылмыс оның еркінен тыс мән-жайларға байланысты соңына дейін жеткізілмеген.
— Сот айыпталушының кінәсін мойындауын, өкініш білдіруін және асырауында жас балаларының барын ескере отырып, оған 10 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда қамауда болған уақыты жаза мерзіміне есептеліп, әйел сот залынан босатылды. Үкім заңды күшіне енді, — делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жетісулық тәртіп сақшылары зейнеткерді алаяқтан арашалап қалды
- авторМағжан Орынбасар
- 15 қаңтар, 2026






