Спорт
УЕФА Чемпиондар лигасы: «Арсенал» – «Қайрат» матчының билеттері сатылымға шықты
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:45
- 43
Лондондағы тарихи ойынға қазақстандық жанкүйерлер онлайн билет ала алады
28 қаңтар күні Лондон қаласындағы «Emirates Stadium» стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Арсенал» – «Қайрат» матчы өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесу жергілікті уақытпен сағат 20:00-де басталады. Алматы уақыты бойынша ойын 29 қаңтарға қараған түні 01:00-де өтеді.
Матчқа арналған қонақ секторындағы билеттер Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатылуда. Билеттер қайтарылмайды.
Билет сатып алу немесе пайдалану кезінде сұрақтар туындаған жағдайда help@ticketon.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
Ағылшын Премьер-лигасының көшбасшыларына қарсы өтетін кездесуде қазақстандық жанкүйерлер «Қайрат» командасын стадионнан қолдай алады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2026






