дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев алқабилерді сатып алуы мүмкін бе – Бас Прокурордың орынбасары жауап берді

Бишімбаев алқабилерді сатып алуы мүмкін бе – Бас Прокурордың орынбасары жауап берді
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әсет Шыңдалиев сот ток-шоу емес, онда тәртіп сақталуы керек екенін атап өтті

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтеді. Осыған байланысты қоғамда сотталушының жақындары алқабилерді сатып алуы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қазақстандықтардың күмәнін сейілткендей болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 


Мәжіліс кулуарында журналистер алқабилердің ақшаға сатылып кетпейтініне кім кепілдік беретінін сұрады. 


«Алқабилердің бір көздегені болса, бұл үшін тиісті жауапкершілік қарастырылған. Егер мұндай фактілер анықталса, алқабилер сотын таратып жіберетін мүмкіндік те бар», деп жауап берді Шыңдалиев. 


Бас прокурор орынбасарының пікірінше, Бишімбаевтың соты объективті өтеді. Қазір сот процесі ашық жүріп жатыр. Сондай-ақ ол сотта Бишімбаевтың туыстарына көп артықшылық жасалып жатыр деген пікірмен келіскен жоқ. 


«Бишімбаевты ешкім қорғап отырған жоқ. Бишімбаев қамауда отырған адам. Қамауда отырған адамның бәрін конвоймен сотқа алып келеді. Сотта тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Сот ток-шоу немесе телешоу емес қой», деді Шыңдалиев. 


Бұдан бөлек, мәжіліс кулуарында Бишімбаевтың соты туралы депутат Абзал Құспан да пікір білдірді. 


«Алқабилер – осы қоғамның өкілдері. Ол жерде бір кәсіби судья және алқабилер болады. Сұрағыңыздың төркініндеқандай да бір сыбайлас жемқорлыққа жол беріліп кетпей ме, сатып алмай ма деген қауіп барын көріп тұрмын. Өзіңіз айтыңызшы, бір адамды сатып алған оңай ма, әлде он адамды сатып алу оңай ма? Біз бір судьяға сенбейтін болсақ, алқабилерге де сенбейтін болсақ, шешімді кім шығаруы керек», - дейді депутат.


Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы қатігездікпен өлтірді деп айыпталып отыр. Алайда экс-шенеунік кінәсін мойындаған жоқ. Осы іс бойынша басты сот отырысы 27 наурызға белгіленді. Сот Бишімбаев тарапының өтінішімен алқабилер сотының қатысуымен өтеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар