дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Журналистерді итке теңеген Бас прокуратура қызметкері мәжілісте жерге құлап түсті (ВИДЕО)

Журналистерді итке теңеген Бас прокуратура қызметкері мәжілісте жерге құлап түсті (ВИДЕО)
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Парламенттегі ресми өкілі Мейрамбай Кемалов бүгін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевті журналистерден «қорғаймын» деп, жерге құлап түсті. Айта кетейік, былтыр Мейрамбай Кемалов журналистерді итке теңеген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бүгін Мәжіліс отырысынан кейін журналистер Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке бірқатар өткір сұрақтар қойды. Әсет Шындалиев бірнеше сауалдан кейін журналистердің арасынан сытылып шыққысы келді. Бірақ, сұрақтарына толық жауап алмаған БАҚ өкілдері оны жібермей, артынан еріп жүріп, сұрақ қойған кезде Мейрамбай Кемалов шалынып, жерге құлап түскен. 


Шындалиев Бас прокуратураның Парламенттегі ресми өкілін қолтықтан демеп, тұрғызды. Кемалов болса өзінің құлағанына журналистерді кінәлап, «мені неге итересіздер» деді де Шындалиев шығып кеткен есікті екі қолымен тіреп тұрып алды. Журналистер Кемаловтің «қоршауынан» шығып үлгергенше Әсет Шындалиев біраз жерге ұзап кетті.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар