Діни алауыздықты қоздырды деген айып тағылған қазақстандық Ресейден қайтарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қыркүйек, 2024
- 359
Діни алауыздықты қоздырдырған қазақстандық Ресейден қайтарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бас прокуратура дерегінше, күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.
Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауаптылыққа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды.
Осыдан кейін, 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған.
- Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған,- делінген ресми хабарламада.