Заң
Елдегі криминогендік жағдай тұрақты бақылауда – Бас Прокурор
- авторМағжан Орынбасар
- 24 қаңтар, 2025
- 19
Қазақстанда азаптау фактілері екі есе азайды
Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізіліп, 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы қаралды, деп жазады Jambylinfo.kz
Бас Прокурор Берік Асыловтың сөзінше, елдегі криминогендік жағдай тұрақты бақылауда.
- Қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендеуі жалғастырылуда (140-тан 132 мыңға дейін; -5,3%). Алаяқтыққа, есірткі қылмысына және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарының кепілдіктері нығайтылады. Қылмыстық орбитаға 4 132 азаматты негізсіз тартуға жол берілмеді,- деді Берік Асылов.