сенбі, 25 қаңтар, 2025 1:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Былтыр шетелде жасырынып жүрген 67 азамат ұсталып, елге жіберілген

Былтыр шетелде жасырынып жүрген 67 азамат ұсталып, елге жіберілген
фото - ашық дереккөзден
Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асылов айтты

Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізіліп, 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы қаралды, деп жазады Jambylinfo.kz

Бас Прокурор Берік Асыловтың сөзінше, халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты нығайту қамтамасыз етілді, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау және қылмыскерлерді ұстап беру жөніндегі жұмыс жалғастырылды.

  • Қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. 2024 жылы 9 (1) халықаралық шарттар жасалды (Мароккомен (3), Перумен (3), Катармен (2) және Кипрмен (1)). Шетелде жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялау бойынша жұмыс жандандырылды. 2024 жылы Қазақстанға 67 (55) адам ұсталып жіберілді (Ресейден – 37, Грузиядан – 6, Қырғызстаннан – 4, Түркиядан, БАӘ мен Әзірбайжаннан 3-ден, Польша мен Армениядан 2-ден, Испания, Швеция, Чехия, Германия, Корея, Молдова, Украинадан 1-ден),- деді Бас Прокурор.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар