Есірткі заты тінту кезінде анықталды
Қостанай облысында "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер ірі көлемде есірткі затын сақтаған деген күдікпен 47 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген шара кезінде күдікті қаладағы гараждардың бірінде ұсталған. Тінту барысында одан салмағы бір келі болатын гашиш табылып, тәркіленді.
Медициналық сараптама ер адамның есірткі қолданғанын растады. Ал сот-химиялық сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың гашиш екені анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Келесі мақала
«Ақырзаман жақындады»: Ғалымдар тосын мәлімдеме жасады
Ұқсас жаңалықтар
Заң
«Бірқатар қауіптер төмендетілді»: Бас прокурор Берік Асылов желіде жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2025
Заң
Елімізде құқықтық құндылықтарды дәріптейтін бейнебаян жарық көрді
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2025






