дүйсенбі, 1 шілде, 2024 1:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Полицейлер жаңа жыл қарсаңында бірқатар азаматтарды құттықтап барды

Полицейлер жаңа жыл қарсаңында бірқатар азаматтарды құттықтап барды
ашық дереккөзі
Полицейлер жаңа жыл қарсаңында бірқатар азаматтарды құттықтап барды

Жаңажылдық мерекелер қарсаңында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ПД бастығы Жанат Сүлейменовтің басшылығымен бірқатар шаралар өткізді.

Мереке қарсаңындағы шаралар барысында ІІО ардагерлеріне, қаза тапқан және жарақат алған қызметкерлердің отбасыларына ерекше құрмет көрсетілді. 26 желтоқсанда ПД бастығы ІІО-ның ардагері отставкадағы милиция полковнигі Владимир Щелочковтың және полиция қызметкері Диляфруз Кинжеханованың отбасына барды.

Ол Диляфруздың тоғыз баласымен әңгімелесіп, олардың үлгерімі туралы және аналарының мамандық жолын жалғастырып, полиция қызметкері болуды мақсат тұтқан үлкен ұлдарының болашаққа қойған жоспарларына қатысты қызығушылық танытты.

Сондай-ақ кездесу барысында Жанат Сүлейменов қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан милиция капитаны Саят Тәкеновтің жесірінің үйінде қонақта болды. Кездесу барысында облыстың бас полицейі барлығын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, мықты денсаулық, отбасы амандығын және жақсы көңіл-күй тіледі. Бұдан басқа ПД бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев аса қауіпті қылмыскерді құрықтау кезінде ауыр атыс жарақатын алған полиция қызметкері Бекжан Тіленшиевтің отбасына барды.

ПД бастығының тағы бір орынбасары Нұржан Қалметов ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы милиция полковнигі Анатолий Никитюктің отбасында қонақта болды.  ПД бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетов Жандос Бекдайыровтың отбасында болды. Сонымен қатар Шу ауданының ПБ бастығы Мақсат Жаманқұлов Шу ауданында тұратын қаза тапқан Жандос Бекдайровтың ата-анасына барып қайтты. Ғазиз Байтасов пен Полат Аянқұловтың отбасыларына ПД бастығының орынбасары Руслан Құрымбаев барды. Полицейлердің отбасыларына жеміс себеттері, гүлдер, ал балаларға жаңажылдық сыйлықтар тапсырылды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар