Заң
Сұмдық жол апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты. Кінәлі жүргізуші бұған дейін сотталған (ВИДЕО)
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2020
- 204
Сұмдық жол апатынан екі полиция қызметкері қаза тапты. Кінәлі жүргізуші бұған дейін сотталған (ВИДЕО)
Жұмыстан қайтып келе жатқан екі учаскелік полиция қызметкерінің қызметтік көлігін зор жылдамдықпен келе жатқан басқа машина соғып, олар оқиға орнында тіл тартпай кетті.
15 қазан Ақмола облысы Щучинск қаласында таңғы сағат 6-да орын алған қайғылы жағдайға кінәлі 25 жастағы қаскөй 2022 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылған және бірнеше рет сотталған (мас немесе есірткі қолдан күйде рульге отыру) болып шықты.
Бурабай ауданы жергілікті полиция қызметінің капитаны мен аға лейтенанты болған «Ниваны» бос қиылыста «Lexus NX» бүйірінен соққан.
Бүгінде адам өліміне себепкер жүргізуші қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.
https://youtu.be/VMR5nEHGZGQ Dalainform
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала