жұма, 5 шілде, 2024 1:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Каналдардың жай-күйімен танысты

Каналдардың жай-күйімен танысты
ашық дереккөзі
Каналдардың жай-күйімен танысты
Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев кезекті күн тәртібін таңғы 7-ден Жамбыл ауданына іс-сапарынан бастады. Алдымен Өрнек ауылдық округіндегі "Саза, Айтақ және "Көгей", Ерназар ауылындағы "Базарбай" және "Шиелі", Аса округіндегі "Қуат", Қарасу ауылдық окруіндегі "Кейкі" каналдарының құрылыс жөндеу, жаңғырту жұмыстарымен сондай - ақ, Көлқайнар ауылындағы "Қызыл-Дихан" өндірістік кооперативінің 100 гектарға орналасқан қант қызылшасы және пияз алқаптарының жинау науқанымен танысты.
Іс-сапарын қорытындылай келе Берік Болатұлы аудан басшыларына құрылыс жұмыстарын вегетациялық кезеңге дейін, бекітілген мерзімінде аяқталуын, аудандағы барлық су қоймаларын толтыруды. Сонымен қатар, жергілікті шаруашылықтармен келісе отырып, жұмыс тобын құрып, каналдардың құрылыс жобаларына өзгеріс енгізу бойынша тиісті Министрлікке ұсыныс жобасын әзірлеуді тапсырды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар