дүйсенбі, 1 шілде, 2024 1:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарысу ауданында «Халыққа ең жақын учаскелік инспектор» анықталды

Сарысу ауданында «Халыққа ең жақын учаскелік инспектор» анықталды
ашық дереккөзі
Сарысу ауданында «Халыққа ең жақын учаскелік инспектор» анықталды

Қарашаның 14 мен 30 аралығында Сарысу ауданында «Халыққа ең жақын учаскелік инспектор» байқауы өткізілді.

Байқау халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенім деңгейін арттыруға, қызметтің беделін көтеруге және учаскелік полиция инспекторларының қызметі туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған. «Халыққа ең жақын учаскелік инспектор» онлайн-конкурсы полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалауда ішкі істер органдары мен қоғамның ашық, өзара бірлескен іс-қимылының үлгісі болып табылады.

Конкурстың жеңімпаздары Сарысу аудандық полиция бөлімінің @sarysu_police ресми парақшасында дауыс беру қорытындысы бойынша жиналған халықтың көпшілік дауысымен айқындалды. Кез-келген адам, әсіресе, аймақ тұрғындары өз пікірлерінше, учаскелік полицияның атағына толық жауап беретін қызметкерді таңдап, оған дауыс бере алды.

 width=Сонымен, «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесі қарсаңында аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асхат Алметов байқауда бақ сынаған учаскелік полиция инспекторларын салтанатты түрде марапаттады.

Халықтың ең көп даусын жинап, мыңдаған оң пікірлерге ие болған (4764 лүпіл, 5859) полиция аға лейтенанты Асаубай Абзал Сәрсенұлы жеңімпаз атанып, «Халыққа ең жақын учаскелік инспектор» атағына ие болды.

Абзал Асаубай ішкі істер органдарында 2017 жылдан бастап қызмет етеді. Учаскелік полиция инспекторы лауазымында 2019 жылғы қазаннан бастап қызмет атқарады. Қызмет көрсететін аумағында 6432 тұрғын бар. Оның жауапкершілігінде оннан астам ашылған қылмыстар, жүздеген шағымдар, арыздар мен азаматтардың өтініштері бар. 11 айда барлығы 292 әкімшілік хаттама толтырған. Орын алған 12 қылмыстың төртеуін өз күшімен ашып, 6 қылмыстың ашылуына тікелей өзі қатысқан.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар