дүйсенбі, 1 шілде, 2024 1:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сотпен тәркіленген 3 үй мен 2 пәтерді жымқырған күдікті ұсталды

Сотпен тәркіленген 3 үй мен 2 пәтерді жымқырған күдікті ұсталды
Фото - ашық дереккөзден
Ол өткен жылдан бері шетелде қашып жүрген

Антикор сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқыруға күдікті азаматты Бішкекте ұстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдегендей, Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған. Бішкек қаласында ұсталған азамат Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлаған.

- Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «У» азаматы Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,- деді Антикордың баспасөз қызметі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар