«Неге істемеске?». Биыл зейнетке шығатын Байзақтың әкімі әлі де жұмыс істегісі келеді
- авторМағжан Орынбасар
- 28 маусым, 2024
- 795
Биыл зейнеткер атанатын Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов алдағы уақытта да басшылық қызметте жүретінін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бақыт Қазанбасов Жамбылдағы бақытты да білікті әкімнің бірі. Алғашқы еңбек жолын астық комбинатынан бастаған ол 2017 жылдан бастап қатарынан 3 ауданды басқарды. Ал, биыл Байзақ ауданының әкімі лауазымында зейнетке шықпақ. Бірақ, ақылы дария шенеуніктің қария болуға құлқы жоқ. Қайта сақа саясаткер облыс әкімі басшылық қызмет ұсынса, аянбай ел-жұртым үшін еңбек етемін деп отыр.
«Енді облыс басшысы, халқым сенім артып, жұмыс беріп жатса, жұмыс істеуге дайынмын. Денсаулық бар. Ал, егер демал десе, демалуға да дайынмын. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметте қалатыным бойынша ештеңе айта алмаймын. Бірақ, ниет бар. Сенім артып, қызмет берсе, халық үшін неге істемеске? Істеу керек»,- деді Бақыт Қазанбасов.
Баспасөз мәслихатында есеп берген ол ауданда атқарылған жұмыстарды баяндады.