жұма, 5 желтоқсан, 2025 23:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сталкинг деген не және одан қалай қорғануға болады

Сталкинг деген не және одан қалай қорғануға болады
Pixabay.com
Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Азаматтардың жеке бас бостандығын қорғау шараларын күшейту мақсатында және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап – «Сталкинг» енгізілген Заңға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сталкинг – бұл адамның еркіне қайшы келетін, зорлық-зомбылықпен ұштаспаған, бірақ елеулі зиян келтіретін заңсыз қудалау әрекеттері болып саналады.

Заңнамаға сәйкес мұндай әрекеттер үшін алғаш рет қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Ол 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түрінде қарастырылған.

Егер сталкинг зорлық-зомбылық, қорқыту, бопсалау немесе жеке өмірге қол сұғумен қатар жүрсе, әрекеттер Қылмыстық кодекстің өзге баптары бойынша қосымша сараланатын болады. Қылмыстық қудалау нақты зиян келген жағдайда ғана басталады. Мысалы, жеке өмірге қол сұғылмау, еркін жүріп-тұру құқығының шектелуі немесе психологиялық қысым көрсету секілді жағдайларда.

Жаңа бапты енгізудің басты мақсаты – құрбандарды ерте кезеңде қорғау және зорлық-зомбылық пен агрессивті мінез-құлыққа төзбеушілік қалыптастыру. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының өз құзыреті шегінде атқаратын заңды іс-әрекеттері сталкингке жатпайды.

Бас прокуратура азаматтарды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырып, кез келген көрінісі анықталған сәтте ішкі істер органдарына жүгінуге кеңес берді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар