Түркістандық шенеуніктер мердігердің қаржысын 3 жылға кешіктіріп төлеген
- авторМағжан Орынбасар
- 5 қаңтар, 2025
- 109
Түркістандық шенеуніктер мердігердің қаржысын 3 жылға кешіктіріп төлеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2019 жылы наурыз айында «Дорстрой» ЖШС мен Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі арасында Түркістан қаласындағы автожолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасалған. Аталған құрылыс жұмыстары 2020 жылдың қараша айында аяқталып, тапсырыс беруші нысанды қабылдап алған.
- Қала әкімдігі жұмыс ақысын 3 жылға кешіктіріп төлегені үшін «Дорстрой» ЖШС әкімдіктен тұрақсыздық айыбын өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгініп, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды негізсіз қанағаттандырудан бас тартқан. Алайда, облыс прокуратурасы шығарылған шешіммен келіспей апелляциялық өтінішхат енгізіп, нәтижесінде мемлекеттік мекемеден кәсіпкердің пайдасына 27 млн тенге тұрақсыздық айыбы өндірілді,- делінген хабарламада.