Таразда кафе, барлар мен дүкендерді тексеруге полицияның мобильдік топтары құрылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қаңтар, 2025
- 147
Таразда полиция қызметкерлері кафе, барларда кальянның болмауын, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрмеуіне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер сататын сауда орындарын анықтауға рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімшілік жауапкершілікке мекеме иелерімен қатар, сондай-ақ олардың қонақтары да тартылатын болады.
Келушілерден тамақ пен сусындармен бірге кальяндарға тапсырыс берген төлем шоттары тәркіленетін болады.
Полицейлер салған айыппұлдар ойын-сауық иелерін қорқытпайды, мұндай рейдтерден кейін олар біраз уақытқа дейін "тынышталады", содан кейін қайтадан сата бастайды. Сондықтан полицейлерге мобильдік топтар құруға тура келді.
- Арақ-шарап, темекі өнімдерін ересектер ғана емес, өкінішке қарай, жастар да өте жиі қолданады. Ол адамдардың денсаулығына келтіретін қауіптен бөлек, соңы қылмыс жасауға, тіпті қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Бұл мәселеде кәсіп иелерімен бірге ата-аналар да өз жауапкершіліктерін түсінуі қажет, - дейді мобильдік топ құрамындағы полиция қызметкерлері.
Ұқсас жаңалықтар
«Таныстары өлтіріп кеткен». Алматы қаласында әлем чемпионы кісі қолынан қаза тапты
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024
Валюта ауырбастау пункттерінде доллар нешеден саудаланып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 23 желтоқсан, 2024