Түзеу мекемесіндегі тінту нәтижесінде 123 ұялы телефон тәркіленді
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2020
- 253
Тараздағы ЖД-158/4 түзеу мекемесіндегі жоспарлы тінту шарасы нәтижесінде 123 телефон тәркіленді. Бұл туралы Жамбыл облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. ҰҚК, прокуратура, әскери полициямен әскери прокуратура, сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері және мекеменің жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен өткен шара барысында желілік емес «Лорент» құрылғылары және әскери бөлімнің 10 қызметтік иттері пайдаланылған. 3 кезең бойынша өткізілген тінту шаралары кезінде барлық іс-әрекеттер мекемедегі бейнебақылау құрылғыларына жазылып алынды және алып жүруге арналған бейнекамералар мен бейнежетондарға түсірілді.
Жалпы, жүргізілген жалпы тінту іс-шарасы нәтижесінде, қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіндегі сотталған азаматтардан 123 ұялы телефон тәркіленді. Сондай-ақ, 71 зарядтағыш құрал, 24 құлаққап, 23 сим карта және сотталғандар арасында қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін 73 түйрегіш-кескіш заттар (пышақтар, қолдан жасалған кескіштер және т.б.), 3 қол сағаты, 1 дана аудио-бейне жазатын құрылғымен ерекше иісі бар 2 орама табылып, тәркіленді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз