дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараз қалалық соты атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

Тараз қалалық соты атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді
ашық дереккөзі
Тараз қалалық соты атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді
Тараз қаласы №2 сотында 2020 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша онлайн брифинг өтті, деп хабарлайды http://Jambylinfo.kz Брифинг барысында соттың төрағасы Низамиддин Жамашов соттың есептік кезеңіндегі статистикасын мәлімдеді. 2020 жылдың 12 айында  сотқа 928  қылмыстық іс түскен, оның 890 қылмыстық ісі қаралған, үкім шығару арқылы  681 іс қаралған, 3 қылмыстық іс медиация арқылы аяқталған, тараптардың татауласуына байланысты сотқа дейінгі процесс барысында 126 тұлға бойынша қылмыстық іс қысқартылған. Есепті мерзімде сотталған 729 тұлғаның ішінде айыппұл түріндегі жаза сыбайлас жемқорлыққа қатысты емес істерді қоспағанда 130 тұлғаға тағайындалған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы  5 650 624 теңге, өз еркімен төленген айыппұл сомасы  — 1 543 516 тенге, сот орындаушылармен төленген айыппұл сомасы 1 818 896 теңге, төленуге тиісті айыппұл сомасы  1 111 200 теңге. Сондай-ақ өткен жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық бойынша, барлығы 23 қылмыстық іс түскен, 23 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде: 15 тұлғаға айыппұл түріндегі жаза тағайындалған, 7 тұлға бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған, 6 тұлға  бойынша бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған, 7 қылмыстық іс қаралу барысында. 2020 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 15 сотталушыға айыппұл салу түріндегі  жаза тағайындалған, салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 106 677 780  теңге,   оның ішінде  төленген айыппұл сомасы – 74 177 780 теңге, төленбеген айыппұл сомасы – 32 500 000 теңге. Электронды түрде түскен қылмыстық істер мен материалдарды қайтаруға басты себеп ол тіркелген құжаттардың толық болмауы және де қағаз жүзінде тіркелген істердің сотқа қайталап элекронды түрде түсуі. Қылмыстық істер қағаз жүзінде түскеннен соң араға бірнеше күн салып  қайталап электронды түрде түсіп жатады.Электронды түрде түскен істер  ішінде 74 қылмыстық іс  бұйрықтық іс жүргізу тәртібінде түскен, оның ішінде 7 қылмыстық іс қайтарылған, ал 67 іс бойынша үкім шығарумен қаралған.2020 жылдың 12 айында жалпы  890 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 383 қылмыстық іс мемлекеттік тілде қаралған /43,03%/ , 2763  материал қаралып, оның ішінде  1321 материал мемлекеттік тілде қаралған/47,8%/. Нұрдаулет АСАН
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар