сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ҰБТ басталды

Жамбыл облысында ҰБТ басталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында ҰБТ басталды

Қаңтардағы ақылы негіздегі ҰБТ-ға облыс түлектерінің 74,1% қатысуға өітініш білдірген. ҰБТ 20 қаңтарда басталып, 3 ақпанға дейін жалғасады және карантинге байланысты 15 лек бойынша 9 тестілеу өткізу пункттерінде өтеді. Сондай-ақ, ҰБТ өткізу пункттерінде күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуда. Ақылы негіздегі ҰБТ-ны 11 (12) сынып оқушылары, өткен жылы ҰБТ нәтижелері жойылған талапкерлер және шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша басқасына ауысқысы келетін студенттер тапсыра алады. Айта кету керек, тестілеу бес пән бойынша өтеді: 3 міндетті және таңдаған мамандығына байланысты екі бейінді пән. ҰБТ қатысушыларына барлығы 120 тест тапсырмасы беріледі, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша 15 сұрақ, математикалық сауаттылық бойынша 15 сұрақ, оқу сауаттылығы бойынша 20 сұрақ және бейінді пәндер бойынша 35 тапсырмадан болады. Тестілеу тапсыруға 4 сағат (240 минут) беріледі. ҰБТ-ға қатысушылар барлығы 140 балл жинай алады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар